KZ
RU KZ

Құрманбек Жұмағали «Қазақфильм» киностудиясының президенті болып тағайындалды

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының жаңа президенті болып Құрманбек Жұмағали тағайындалды.

Құрманбек Жұмағали
Құрманбек Жұмағали Фото: Ашық дереккөзден

Бұған дейін ол Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын басқарған.

Құрманбек Жұмағали 2004 жылдан бері телевизия, медиа және мемлекеттік басқару саласында еңбек етіп келеді.

Жаңа басшы туралы не белгілі?

2019–2021 жылдары «Астана» телеарнасының басшысы қызметін атқарған.

2021–2023 жылдары «31 арнаның» бас директоры болған.

2023 жылдың шілде айынан бастап Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын басқарды.

Сонымен қатар әр жылдары «Қазақстан» телерадиокорпорациясында, «Қазақ радиолары» құрылымында және мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқарған.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.