Алматыда туристерді жоқ пәтермен қарық қылып жүрген алаяқ ұсталды
Алматыға келген туристердің аузын айға қаратып, ауадағы пәтермен алдап жүрген алаяқ ұсталды.
Алматыда полиция интернетке жоқ пәтерді жалға беретіні туралы хабарландыру орналастырған қала тұрғынын ұстады.
Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті интернет арқылы пәтерді тәулікке жалға алғысы келетін клиенттерді іздеген. Алайда қоныстану уақыты келгенде туристер жалған хабарландырудың құрбаны болып, қаржылай шығынға ұшыраған.
«Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың алаяқтықтың 32 дерегіне қатысы бары анықталды. Күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр» деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдары интернеттегі пәтердің әдемі суретінің артында алаяқтардың тұзағы жасырынуы мүмкін екенін ескертеді.

