KZ
RU KZ

Алматыдағы тұрғын үй кешенінен мефедрон өндіретін зертхана табылды

Тергеу нұсқасы бойынша, 34 жастағы қала тұрғыны көршілердің назарын аудармас үшін есірткі өндірісін тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатында жасаған, деп хабарлайды ZTB.

мефедрон өндіретін зертхана табылды
мефедрон өндіретін зертхана табылды Фото: Бейнежазбадан кадр

Ол өткір иісті газ сыртқа шықпауы үшін зертхананың ауа тарту жүйесін үйдің желдеткіш шахтасына жалғаған.

Пәтерді тінту кезінде бір келі дайын өнім, кристалдары бар алты шыны науа, дихлорметан құйылған алты бөтелке, реагенттері бар тоғыз канистр, зертханалық ыдыстар, электронды таразылар және жеке қорғаныс құралдары табылды.

«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4,5 келі болды», — деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов.

Полиция Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза тағайындалуы мүмкін.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.