KZ
RU KZ

Dostyk Plaza жабылды: Келушілер шұғыл эвакуацияланды

ZTB мәліметінше, Алматыдағы Dostyk Plaza сауда ойын-сауық орталығына келген адамдарға ғимараттан шығу туралы хабарланған.

ТРЦ Dostyk Plaza
ТРЦ Dostyk Plaza Фото: ZTB

Куәгерлердің айтуынша, сауда орталығының кіреберісі жабылып, оқиға орнына полиция қызметкерлері мен кинологтар келген.

Оқиғаның себебі әзірге белгісіз.

ZTB редакциясына куәгерлер сауда орталығы маңында болып жатқан оқиғалар түсірілген видео жолдаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ғимаратқа кіргісі келген адамдарды ішке кіргізбейді. Ал сауда орталығының ішінде жүрген келушілерді сыртқа шығарып жатыр.

Сауда орталығының маңына полицияның жаңа экипаждары келіп жатыр.

 

Эвакуацияға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Материал жарияланған сәтте оқиғаға қатысты ресми ақпарат түскен жоқ. Ал сауда орталығының әлеуметтік желідегі парақшаларында келушілерді эвакуациялау мәжбүрлі шара екені хабарланған.

Оповещение скриншот публикации

ZTB редакциясы түсініктеме алу үшін Алматы қалалық полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.