KZ
RU KZ
Зеленский
Лонгрид Қоғам

«Путинге көмектеспеңіз»: Зеленский Трампқа шындықты айтатынын мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ басшысы Дональд Трампқа Украинадағы нақты жағдай туралы ашық айтудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды ZTB.

Оның мәлімдеуінше, АҚШ Ресейге, ал Америка президенті кремль басшысы Владимир Путинге көмектеспеуі керек.

Fox News телеарнасына берген сұхбатында тілші Зеленскийден Трамп оның мәлімдемелерін Америка президентіне немесе АҚШ қоғамына қысым жасау әрекеті ретінде қабылдай ма деп сұрады. Бұған жауап берген Украина президенті серіктестермен ашық сөйлесуді мәселе санамайтынын айтты.

 

«Серіктестеріме шындықты айтудан қорықпаймын. Біздің елдеріміз үлкен серіктестер. Америка қоғамы Украинаны белсенді қолдайды. Сондықтан мен президентке шындықты айтуым керек, нақты жағдайды түсіндіруім қажет: Америка Ресейге көмектеспеуі тиіс. Президент Путинге көмектеспеуі керек», — деді Зеленский.

 

Сондай-ақ ол Ресейдің Украинаға жасаған зымырандық және дрондық шабуылы салдарына назар аударды. Оның айтуынша, өткен түні төрт бірдей өңір шабуылға ұшыраған. Негізгі нысана энергетикалық инфрақұрылым нысандары болған. Соның салдарынан жүздеген мың адам электр жарығынсыз қалған.

Зеленский Киевте әуе дабылы түні бойы қосылып тұрғанын, ал көптеген тұрғын қауіп сейілгенше метро станцияларында паналауға мәжбүр болғанын атап өтті.

Материалмен бөлісу
Материал авторы Әсем Жәукен Журналист
Барлық материалдар
Келесі лонгрид Қазақстандықтар заң жазуға қатыса алады: Құрылтайда жаңа мүмкіндік пайда болды Қоғам • 2 мин оқу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.