Каспий теңізіндегі оқиғадан аман қалған сарбаздардың бірі жазба жариялады
Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздардың бірі әлеуметтік желіде жазба жариялап, қиын сәтте қолдау білдірген жақындарына алғыс айтты, деп хабарлайды ZTB.KZ.
Никита Удалов (аман қалған үш сарбаздың бірі) әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына алғыс білдірді. Сондай-ақ ол қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
«Қолдау көрсетіп, жылы сөздерін арнаған және бейжай қалмаған барлық туыстарым мен достарыма шын жүректен алғыс айтқым келеді. Қиын сәтте жанымнан табылған әр адамға рақмет» деп жазды сарбаз.
Ол Ақтауда қаза тапқандардың жақындарының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, оларға сабыр мен күш-қуат тіледі.
«Орны толмас қазаны бастан өткеріп жатқан туған-туыстарына сабыр тілеймін. Қаза тапқандардың рухына тағзым» деп жазды ол.