KZ
RU KZ

Ташкентте уланған футболшылардың денсаулығы министірлік назарында

Қазақстаннан барған жас футболшылардың денсаулығы күрт нашарлап, Ташкент қаласындағы ауруханаларға жеткізілді, деп хабарлайды ZTB.

Балалар ауруханада
Балалар ауруханада Фото: Threads @kimochka78

Қазір балаларға дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, зардап шеккен балалар Ташкентте өтіп жатқан Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол фестиваліне қатысқан.

 

«Көмекке мұқтаж Қазақстан азаматтарының барлығы Өзбекстан Республикасының мамандандырылған медициналық мекемелеріне жатқызылды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр» деп хабарлады министрлік.

 

Қазақстандық дипломаттар зардап шеккен балалардың туыстарымен байланысқа шыққан. СІМ жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Қарағандыдан барған жас футболшылардың ата-аналары Ташкенттегі турнирге барған кезде балалардың денсаулығы күрт нашарлағанын айтқан болатын.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.