KZ
RU KZ

Марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» бола ма? Мүфтият жауап берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қайтыс болған адамдардың суреттерін жасанды интеллект көмегімен жандандыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ZTB.KZ.

Марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» бола ма?
Марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» бола ма? ЖИ көмегімен жасалған

Басқарманың түсіндіруінше, мұндай технологияны қолданудың діни үкімі оның мақсаты мен нақты жағдайына байланысты.

Мүфтияттың мәліметінше, егер марқұмның бейнесін жасанды интеллект арқылы қозғалысқа келтіру оны сағынғанда еске алу немесе жақсы естеліктерді жаңғырту мақсатында жасалса, мұндай әрекетке рұқсат етіледі және шариғатқа қайшы емес.

Алайда технологияны қолдану адамның шынайы өмірден алшақтауына, өткен шаққа байланып қалуына, қайғы-қасіретінің қайта күшеюіне немесе Алланың өлім туралы белгілеген тағдырына қарсылық сезімінің туындауына себеп болса, мұндай әрекетке тыйым салынады.

Басқарма мұның адамға және оның жақындарына рухани әрі психологиялық зиян келтіруі мүмкін екенін атап өтті.

Сонымен қатар марқұмның бейнесін жандандыру кезінде оған көзі тірісінде айтпаған сөздерді айтқызуға немесе ол туралы жалған ақпарат таратуға қатаң тыйым салынады.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.