KZ
RU KZ

Қазақстанда психотроптық препараттарды заңсыз таратқан 21 адам ұсталды: 50 мыңнан астам құты тәркіленді

Құқық қорғау органдары жүргізген операция барысында 21 адам ұсталып, ірі көлемдегі дәрі-дәрмек, қару-жарақ пен ақша тәркіленді, деп хабарлайды ZTB.

Дәрі-дәрмек
Дәрі-дәрмек Фото: ҚР ІІМ

Қазақстанның бірнеше қаласында күшті әсер ететін психотроптық препараттарды заңсыз таратуға қатысы бар екі топтың жолы кесілді. Құқық қорғау органдары жүргізген операция барысында 21 адам ұсталып, ірі көлемдегі дәрі-дәрмек, қару-жарақ пен ақша тәркіленді.

Қазан айында Көкшетау, Щучинск, Бурабай, Қарағанды және Теміртау қалаларында заңсыз препараттар айналымына қатысы бар екі топ анықталған.

Алғашқы топтың қызметі Көкшетау, Щучинск және Бурабайда әшкереленді. Бұл іс бойынша 11 адам ұсталды. Олардың арасында фармацевтикалық компаниялардың иелері мен қызметкерлері де бар.

Тінту кезінде құқық қорғау органдары «Тропикамед» препаратының 50 мыңнан астам құтысын, сондай-ақ басқа да дәрілік заттардың шамамен төрт мың данасын тәркіледі.

Ал Қарағанды мен Теміртауда осындай заңсыз әрекетке қатысы бар деген күдікпен тағы 10 адам қолға түсті.

Екінші топқа қатысты тінту барысында қару-жарақ, оқ-дәрі, автокөліктер және ірі көлемдегі ақша табылып, тәркіленген.

Қазіргі уақытта екі дерек бойынша да тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың әрекетіне құқықтық баға берілмек.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.