Қазақстан депозиттерге 5% салық енгізетіні туралы ақпарат жалған
Дезинформациямен күрес орталығы әлеуметтік желілерде банк депозиттері бойынша сыйақыға 5% салық енгізу ұсынылды деген ақпаратты жоққа шығарды.
Әңгіме депозиттің өзіне емес, банктердің клиенттеріне есептейтін пайыздарына қатысты болған.
Ұлттық экономика министрлігінде жеке тұлғалардың банк депозиттерінен түсетін табысына жеке табыс салығы салынбайтынын хабарлады.
Сонымен қатар Үкімет қолданыстағы салықтық жеңілдікті алып тастау және мұндай салық енгізу мәселесін қарастырып жатқан жоқ.
Орталық мәліметінше, аталған салықты енгізу туралы хабарламалар ресми құжаттарға және бастамашылардың аты-жөніне сілтеме жасалмай таралып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз

