KZ
RU KZ

Қазақстанда телеарналар мен радиостанциялар уақытша өшіріледі

4 қарашада Қазақстан бойынша телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ZTB.KZ

пульт
пульт Фото: Pexels

Бұл туралы «Қазтелерадио» компаниясы хабарлады.

Жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық теледидар мен радио желілерінің жұмысы уақытша үзіледі.

Хабар тарату сағат 03:00–ден 17:00–ге дейін тоқтатылады.

Компанияның түсіндіруінше, профилактикалық жұмыстар хабар тарату желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.