KZ
RU KZ

«Әділет» бастамасы: депутаттар мұғалімдердің жүктемесін азайтуды ұсынды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында «Әділет» партиясы арнайы жобалық кеңсе құрды.

Әділет партиясы
Әділет партиясы Әділет партиясы

Бұл алаңда Құрылтайдың әлеуметтік-мәдени даму комитетімен бірлесіп, білім беру саласындағы кадрлық реформаларды әзірлеу басталды. Оның негізгі мақсаты — мұғалімдердің жұмыс процестерін автоматтандыру және есеп беру жүктемесін азайту.

Жақында жобалық кеңсе елордадағы NIS базасында көшпелі отырыс өткізді. Партия төрағасының орынбасары Ержан Жылқыбаев  негізгі мәселені атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі цифрландыру қағаз жүзіндегі жұмысты электронды форматқа көшірумен ғана шектеліп, педагогтардың әкімшілік міндеттерін іс жүзінде азайтпай отыр.

Құрылтай депутаттары арнайы заң жобасын дайындады. Құрылтайдың бейінді комитетінің төрағасы, «Әділет» партиясы фракциясының депутаты Асхат Аймағамбетов құжатты енгізу алдында озық мектептердің тәжірибесін зерттеу қажет екенін айтты.

Жобалық кеңсе қатысушылары үлгі ретінде цифрлық платформалар бақылау құралы емес, кәсіби өзара әрекеттесу алаңы ретінде қолданылатын тәжірибелерді қарастырды. Атап айтқанда, мұғалімдердің сабақты бірлесіп жоспарлауы, талдау жүргізуі және оқыту әдістемелерін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар педагог кадрларды аттестаттау процестерін толық автоматтандыру бойынша зияткерлік мектептің табысты тәжірибесі зерделенді. Бұдан бөлек, оқушылардың психологиялық қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу және «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері де қаралды.

Озық мектептер мен сарапшылар қауымдастығының ұсыныстары ескеріліп, заң жобасы түпкілікті пысықталғаннан кейін Үкіметке жолданады деп күтілуде. Одан әрі құрылымдық және ұйымдастырушылық шешімдер қабылдау жоспарланып отыр.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.