KZ
RU KZ

Астанада әуежайдың екінші ұшу-қону жолағы үшін 57 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынады

Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару 2027 жылғы 1 ақпаннан 2028 жылғы 1 ақпанға дейін жүргізіледі

Жер картасы
Жер картасы ЖИ көмегімен жасалған

Астана әкімдігі әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салу және инфрақұрылымын дамыту үшін жер учаскелерін сатып алу туралы қаулы қабылдады. 

Қаулыға қосымшада Қабанбай батыр даңғылы, әуежай және «Есіл» ауданы аумағындағы 57 жер учаскесі көрсетілген. Олардың иелері қатарында Астана әуежайы, «Қазмырыш», SCAT, Air Astana, «Қазавианавигация» компаниялары, басқа да ұйымдар және бір жеке меншік иесі бар.

Мемлекеттік органдар қаулы жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күн ішінде жер иелері мен жер пайдаланушыларды хабардар етуі тиіс. Хабарламаны алғаннан кейін оларға келісу рәсімін бастау үшін 15 күнтізбелік күн беріледі.

Әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салу мәселесі нысанды жаңғырту жоспары аясында талқыланып келеді. 2026 жылғы ақпанда премьер-министр Олжас Бектенов оның құрылысы биыл басталатынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, жаңа жолақ іске қосылғаннан кейін әуежай жылына 40 миллион жолаушыға қызмет көрсете алады.

Жер учаскелерінің толық тізімімен сайтымыздан танысуға болады.

 

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.