KZ
RU KZ

Алматы Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай безендірілді

Алматыда Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары жүргізілді.

Алматы безендірілді
Алматы безендірілді Фото: Бейнежазбадан кадр

Қала көшелерінде жарықтандыру орнатылып, негізгі нысандарда тақырыптық визуалды материалдар көрсетіле бастады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, мерекелік контент Көктөбедегі экрандарда, ірі сауда ойын-сауық орталықтарының медиафасадтарында және мегаполистің барлық ауданындағы LED-экрандарда орналастырылған.

Айта кетейік, Қазақстан Тәуелсіздік күнін 16 желтоқсанда атап өтеді.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.