KZ
RU KZ

Алматыда зорлық-зомбылық жасады деген күдікті ұсталған кезде өзіне қол жұмсамақ болды

Алматыда зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген ер адам полиция қызметкерлері ұстаған кезде өзіне қол жұмсамақ болып, дене жарақатын алды.

.
. Фото: ЖИ

Полицияға жәбірленушінің ата-анасы жүгініп, қыздарына қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адам туралы хабарлаған. Осыдан кейін оқиға орнына «Буран-127» патрульдік экипажы келген.

Полиция қызметкерлері күдіктінің қайда екенін анықтап, оны ұстаған. Алайда ұстау кезінде ер адам өзіне қол жұмсауға әрекет жасап, дене жарақатын салған.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, күдіктіге қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Әзірге оқиғаға қатысты өзге мәліметтер жарияланған жоқ.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.