Ақмола облысында мас болып көлік тізгіндеген ер адам әйелін қағып өлтірді
Ақмола облысының Аршалы кентінде қайғылы оқиға болды. Алкогольдік масаң күйде көлік басқарған ер адам өз жұбайын қағып кеткен.
Әйел алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды.
Полицияның алдын ала мәліметінше, оқиға кезінде ер адам ВАЗ-2114 маркалы автокөлікті басқарған.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Оқиғаның қандай жағдайда болғаны және ер адамның жұбайын қасақана немесе абайсызда қағып кеткені әзірге белгісіз. Оқиғаның толық мән-жайы туралы қосымша ақпарат берілген жоқ.

