KZ
RU KZ

Ақмола облысында жаңа көлік тиелген екі жүк көлігі аударылды

Ақмола облысында 15 жаңа автокөлік тиелген екі автовоз жол апатына ұшырап, жол жиегіндегі шұңқырға аударылды.

Жүк көлігі апаты
Жүк көлігі апаты Фото: Ақмола облысы ДП

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 13 қарашада Астана — Атбасар — Жақсы тасжолының 131-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдік жүргізушілер тізгіндеген жүк көліктері Қорғас бағытынан Ресей Федерациясына қарай жолға шыққан. Олар бірнеше жаңа автокөлікті тасымалдап бара жатқан.

 

Фото: Ақмола облысы ДП

Полицияның хабарлауынша, жолда пайда болған көктайғақ салдарынан бірінші жүк көлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Соның салдарынан ауыр жүк көліктері жолдың жүру бөлігінен шығып кетіп, жол жиегіндегі шұңқырға аударылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ» деп хабарлады полиция.

Оқиғаға байланысты автовоз жүргізушілерінің біріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция өкілдері жүргізушілерді, әсіресе ірі көлемді жүк көліктерін басқаратын азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Қыс мезгілінде жолға көктайғақ түсуіне байланысты жол-көлік оқиғалары қаупі арта түседі.

Осыған орай жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, көлік арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауға, күрт тежеу мен қауіпті қимылдан аулақ болуға кеңес берілді. Сондай-ақ жазғы дөңгелекті қысқы дөңгелекке уақтылы ауыстыру қажеттігі ескертілді.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.