Саясат Нұрбек: министрдің жолы жіңішке
Саясат Нұрбек 51 млрд теңгенің заңбұзушылықтары анықталғаннан кейін отставкаға кетуге дайын ба?
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен Жоғары аудиторлық палатаның ауқымды тексеруінен кейін отставкаға кету жайы сұралды.
«Министрдің жолы жіңішке, демекші. Бүгін барсың, ертең жоқсың. Бұл басшылық қабылдайтын шешім. Біз қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Жалпы, нәтижелер де бар. Әрдайым кемшілік те болады. Мен министр ретінде кез келген шешімге дайынмын. Біз сарбаз секілдіміз», — деп жауап берді Нұрбек.
Еске салайық, аудит нәтижесінде ғылым саласында 51 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталған.
Сонымен қатар тағы 47 млрд теңгені жоспарлау мен пайдалану барысында тиімсіздікке жол берілгені белгілі болды.

