KZ
RU KZ

АҚШ барлау қызметі желісін хакерлер бұзды

Хакерлер АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) мен Ұлттық барлау қызметінің ашық деректерді талдау желісін бұзды.

.
. ЖИ көмегімен жасалған

Хакерлер АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) мен Ұлттық барлау қызметінің ашық деректерді талдау желісін бұзып, құпия санатқа жатпайтын ақпараттың бір бөлігінің таралуына себеп болды. Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлады.

Әзірге қандай деректердің қолды болғаны және кибершабуылдың қалай жасалғаны нақтыланбады. Оқиға салдарынан АҚШ-тың басқа да мемлекеттік ведомстволарының ақпараты зардап шеккен болуы мүмкін.

Бұл — соңғы уақытта АҚШ-тың мемлекеттік құрылымдарында тіркелген кибершабуылдар мен техникалық ақаулардың кезекті көрінісі. Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі кибершабуыл туралы хабарлаған. Сондай-ақ Федералдық тергеу бюросында екі бөлек кибершабуыл тіркеліп, Пентагон мен Ішкі қауіпсіздік министрлігінің желілерінде де оқыс оқиғалар болған.

Anthropic акциялары рекордтық IPO-дан кейін арзандады

Жасанды интеллект әзірлеумен айналысатын америкалық Anthropic компаниясының акциялары кешегі сауда барысында 8%-дан арзандап, бір акцияның құны шамамен 80 долларға дейін төмендеді. Бұл өткен бейсенбіде белгіленген 83 долларлық бастапқы орналастыру бағасынан төмен.

Жоғары сұранысқа байланысты Anthropic бастапқы жоспарынан 150 млн акция артық орналастырған. Компания 107,3 млрд доллар тартып, тарихтағы ең ірі IPO өткізді.

Алғашқы сауда-саттық басталғанда акциялардың бағасы 111,5 долларға жеткенімен, сессия соңында 97,17 долларға дейін төмендеген, деп жазады BILD RUSSIAN.

Оңтүстік Кореяның экспорты алғаш рет 1 трлн доллардан асты

Корей мәдениетінің әлемде танымал болуына байланысты Оңтүстік Кореяның тұтыну тауарлары экспорты рекордтық көрсеткішке жетті. Ал елдің жалпы экспорт көлемі алғаш рет 1 трлн АҚШ долларынан асты, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.

Өсім бойынша сұлулық индустриясы көш бастап тұр. Косметика экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,6%-ға өсіп, 13,65 млрд долларға жеткен. Бұл тұтыну тауарлары экспортының жалпы көлемінің 47,6%-ын құрайды. Салыстыру үшін, 2025 жылы косметика экспорты 11,61 млрд долларды немесе жалпы көлемнің 43%-ы болған.

Оңтүстік Кореяның азық-түлік экспорты тез дайындалатын кеспе («рамён») мен теңіз өнімдеріне деген жоғары сұраныстың арқасында 9,3%-ға өсіп, 10,94 млрд долларға жетті.

Киім-кешек пен сән индустриясы тауарларының экспорты 14%-ға өсіп, 3,13 млрд долларды құраса, музыкалық альбомдар мен кітаптарды қоса алғанда, мәдени өнімдердің экспорты 36,5%-ға артып, 920 млн долларға жеткен.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.