KZ
RU KZ

Ақтау арқылы есірткі өткізбек болған Иран азаматы 10 жылға сотталды

Маңғыстау облысында есірткі контрабандасымен айналысқан Иран азаматы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ZTB.

сот
сот Фото: egemen.kz

Кәмелетке толмаған шетелдік азаматтың  Қазақстанға бір келіден астам апиынды ішіне жұтып алып өтпек болғаны анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2026 жылдың мамыр айында сотталған азамат «Горган — Ақтау» бағытындағы әуе рейсімен Қазақстанға келген. Ол асқазанына есірткі салынған 113 капсуланы жасырып өткізбек болған.

Жалпы салмағы бір келіден асатын апиынды Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері анықтап, тәркіледі.

Сот шетелдік азаматты есірткі контрабандасына, сондай-ақ есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алуға, сақтауға және тасымалдауға кінәлі деп таныды.

Іс бойынша мемлекеттік айыптауды Маңғыстау облысының прокуратурасы қолдады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.