KZ
RU KZ

Ақтөбеде оқ атылып, адам өлтіру оқиғасы болды

Ақтөбедегі Нұрлы таң көшесінде полиция аумақты қоршауға алды. Куәгерлер таңертең ерте оқ атылғанын естігендерін айтты

.
. Фото: ЖИ

Оқиға орнынан ер адамның мәйіті табылды. Алайда тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның мән-жайы жарияланбай отыр.

Таңертең Ғазиза Жұбанова және Нұрлы таң көшелерінің маңын полиция қоршауға алғаны туралы ақпарат белгілі болды. Осы аумақта орналасқан балабақшаға апаратын жол жабылған.

«Бүгін таңертең балабақшамыздың жұмыс істемейтінін хабарлады. Себебі осы ауданда сұмдық оқиға болған екен. Оқ атылып, тіпті бір адам қаза тапты деген ақпарат тарады. Полиция аумақты қоршап, ешкімді балабақшаға кіргізбеді. Содан үйге қайтуға мәжбүр болдық. Не болғанын білгіміз келеді», — дейді ата-аналардың бірі.

Полиция қаза тапқан ер адамның мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Жалған ақпарат таратпауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз» деп мәлімдеді полиция.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.