Күніне 0,25% сыйақы қосып клиенттердің кепілдегі мүлкін сатқан: Астанада ломбард заңсыз несие беріп келген
«01market» ломбардтар желісі 102 млн теңгеден астам заңсыз табыс тапқан
Қаржылық мониторинг агентігінің мәліметінше 2021 жылдан бері ол «INVEST PRO KZ» ЖШС мен «Исмагулов Р.Б.» және «Pro Kz» жеке кәсіпкерліктері арқылы лицензиясыз қарыз беріп келген.
Қызметін комиссиялық сауда ретінде көрсетіп, клиенттерден күніне 0,25%-ға дейін сыйақы алған.
Заңсыз табыс 102 миллион теңгеден асқан. Сот шешімімен 2 пәтерге, 3 көлікке және 2 кеңсеге тыйым салынды.
Сондай-ақ оқыңыз

