KZ
RU KZ

27 рет жарақат салған: Ақтөбеде қызы анасын өлтірді ме?

Ақтөбеде СМП-671 көшесіндегі үйлердің бірін полиция қызметкерлері мен криминалистер тексерді. Кейін көршілер әйел адамның болжамды түрде кісі қолынан қаза тапқанын естіген.

Пышақ жарақаты
Пышақ жарақаты ЖИ көмегімен жасалды

Олардың айтуынша, әйелге өз қызы шабуыл жасаған болуы мүмкін.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, қайғылы оқиға 17 қараша күні кешке 41-разъезд ауданындағы үйлердің бірінде болған.

Көршілер әйелдің өліміне оның 1994 жылы туған қызының қатысы болуы мүмкін екенін айтады. Расталмаған ақпарат бойынша, қызы анасына пышақпен 27 рет жарақат салған болуы ықтимал.

ZTB редакциясына оқиға орнынан түсірілген бейнежазба да жолданған. Кадрдан үйдің маңында бірнеше полиция көлігі тұрғанын көруге болады.

Бейнені көру

Журналистер оқиғаға қатысты түсініктеме алу үшін Ақтөбе облыстық полиция департаментіне жүгінген. Алайда ведомство әзірге бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде тағы бір әйелдің өлтірілгені хабарланған болатын.

3 қараша күні қаладағы «Неке сарайы» ғимаратында адам өлтіру оқиғасы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 28 жастағы ер адам бұрын бірге тұрған әйеліне мекеме ішінде пышақпен шабуыл жасаған.

Алған жарақаты салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.