KZ
RU KZ

«Орысша білмейтін мәмбеттер»: Астанада депутаттыққа кандидаттың даулы аудиожазбасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Владислав Сергеевке тиесілі делінген аудиожазба жарияланғаннан кейін полиция тергеу бастады.

Қылмыстық іс
Қылмыстық іс ЖИ көмегімен жасалған

Жазбада дауысы аталған кандидатқа ұқсайтын ер адам еліміздің оңтүстік-шығыс аумағының тұрғындарын балағаттаған.

«Астана қаласы тұрғынының арызы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Онлайн-платформаларды пайдалану арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі тергеу барысында тексеріледі» деп хабарлады елордалық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта  дауға себеп болған Threads әлеуметтік желісіндегі жарияланым өшірілген.

Сергеев жаңа бейнеүндеу жариялап, Нұра аудандық полициясына арыз жазғанын мәлімдеді. Кандидат аудиожазбадағы дауыс өзіне тиесілі емес екенін тағы да айтып, болған жағдайды сайлауалды бәсекемен байланыстырды.

«Өкінішке қарай, бұл — сайлау. Кейде адамдар осындай лас технологияларды қолданады», — деді Сергеев.

Сондай-ақ ол Қазақстанның  оңтүстік-шығыс аумағы өзінің өсіп-өнген аймағы екенін және оның әрбір тұрғынын құрметтейтінін атап өтті.

Аудиожазбаның түпнұсқалығы әзірге анықталған жоқ.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.