KZ
RU KZ

«Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басқарма мүшесі Қуаныш Омарбеков ұсталды

Бүгін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы басқармасының бұрынғы мүшесі Қуаныш Омарбековтің ұсталғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.

Қуаныш Омарбеков
Қуаныш Омарбеков Фото: Қазатомөнеркәсіп

Қуаныш Алтынбекұлы Омарбеков 2023 жылғы 23 қарашада «Үлбі металлургия зауыты» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі әрі басқарма төрағасы болып сайланған болатын.

Аталған шешімді «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы"  АҚ директорлар кеңесі қабылдаған. Омарбеков директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін осы қызметті атқаруы тиіс болған.

Оған дейін бұл лауазымды атқарған Асқар Батырбаев өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан.

Қуаныш Омарбеков 2023 жылғы 29 маусымнан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК" АҚ-ның өндіріс жөніндегі бас директоры әрі басқарма мүшесі қызметін атқарған. Компанияның ашық деректеріне сәйкес, оның тау-кен металлургиясы саласы мен логистика бағытында он жылдан астам еңбек тәжірибесі бар.

Омарбеков бұған дейін «KAP Logistics» ЖШС мен «Ақбастау» бірлескен кәсіпорнында басшылық қызметтер атқарған. 2023 жылы «Қазатомөнеркәсіптің» өндіріс жөніндегі бас директоры болған.

Күдіктілер «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысты болуы мүмкін деген күдікпен қамауға алынды. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 4-бөлігі (пара беру) бойынша жүргізілуде.

2026 жылғы 24 қарашада директорлар кеңесінің шешімімен Қуаныш Омарбековтің және коммерция жөніндегі бас директор Владислав Байгужиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Компания өндірістік, коммерциялық және клиенттер алдындағы міндеттемелердің өзгеріссіз сақталатынын мәлімдеді.

Омарбеков пен тағы бірнеше адам 23 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Іс аса ірі мөлшерде пара беру дерегі бойынша тергеліп жатыр.

Әзірге өзге мәліметтер жарияланған жоқ.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.