Прокурор ауылшаруашылық саласының белсендісі Алмасбек Садырбайға қандай жаза сұрады?
Онымен бірге қылмыстық іс бойынша тағы алты адам сот алдында жауап беріп жатыр.
Алматы облысының Қонаев қалалық сотында қоғам белсендісі әрі агросарапшы Алмасбек Садырбайға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Садырбай ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан субсидия ретінде бөлінген шамамен 1,2 млрд теңгені жымқырды деп айыпталып отыр. Онымен бірге қылмыстық іс бойынша тағы алты адам сот алдында жауап беруде.
Садырбайға қандай айып тағылды?
Алмасбек Садырбайға ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылған:
-
190-бап — алаяқтық;
-
218-бап — қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату);
-
262-бап — ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Садырбай бір топ адаммен бірге ұсақ малды қолдан ұрықтандыруға бөлінетін мемлекеттік субсидияларды заңсыз алу мақсатында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ұйымдастырған.

