Лонгрид
Қоғам
Флоридада жеке ұшақ апатқа ұшырап, тоғыз адам қаза тапты
АҚШ-тың Флорида штатындағы Палм-Бич округінде Learjet 60 жеке ұшағы апатқа ұшырады. Борттағы тоғыз адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды ZTB.
Бұл ақпаратты АҚШ көлік министрі Шон Даффи растады. The New York Post басылымының жазуынша, бизнес-джет Техас штатындағы Остин қаласынан Багам аралдарына қарай ұшып бара жатқан. БАҚ мәліметінше, ұшақтың болжамды құны шамамен екі миллион доллар болған.
Құлаған кезде ұшақ ағаш пен электр желілеріне соғылып, апат болған жерде өрт шыққан.
АҚШ көлік министрлігі бұл оқиғаны «қорқынышты әрі қайғылы жағдай» деп атап, апатқа қатысты тергеу басталғанын хабарлады.