KZ
RU KZ

Қоспаевтың сотталған сыбайласына тиесілі қараусыз қалған мекеме қаншаға сатылды?

Мемлекет Алматының Бостандық ауданындағы Науаи көшесі 310 А мекенжайында орналасқан тәркіленген кафені сатты.

Кафе
Кафе Фото: Ашық дереккөзден

Аумағы 258,4 шаршы метр болатын ғимарат 264,3 миллион теңгеге бағаланған.

Алматы қаласы мемлекеттік мүлік департаменті кафені бағасын төмендету арқылы аукционға шығарды. Ережеге сәйкес, мұндай сауда бастапқыда бағалау құнынан үш есе жоғары басталады. Яғни нысан 792,8 миллион теңгеге қойылған. Одан кейін қатысушылардың бірі ұсынылған бағаны төлеуге келіскенше құны төмендей береді.

Нәтижесінде кафе 96,8 миллион теңгеге сатылды. Бұл бағалау құнының 37 пайызына тең. Бір шаршы метрінің бағасы шамамен 375 мың теңгеден болды. Салыстыру үшін айтсақ, Бостандық ауданында мұндай ақшаға коммерциялық нысан мен жер телімін емес, пәтер сатып алуға болады.

Бұған дейін ғимарат Ерлан Имашевқа тиесілі болған. Ол Елдос Қоспаевтың ең жақын серіктестерінің бірі саналады.

Имашев туралы не белгілі?

  • Сот мәліметінше, 2019 жылы Қоспаев сыбайластарымен бірге Profit Trade Ltd компаниясының иелерін үлестің 40 пайызын Имашевқа беруге мәжбүрлеген;
  • Ол Қоспаев пен Шалинмен бірге шетелге қашқан. 2023 жылдың қыркүйегінде үшеуі Солтүстік Кипрден Қазақстанға жеткізілді.

Науаи көшесіндегі кафе қылмыстық топтың тәркіленген көптеген активінің бірі. Олардың қатарында ондаған жылжымайтын мүлік нысаны, 80-ге жуық автокөлік және жер телімдері бар. Енді мемлекет бұл мүліктерді сатуға кірісті.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.