KZ
RU KZ

Медреседегі зорлық-зомбылыққа кім жауапты? ІІМ мен Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

Исматулла Мақсұмның медресесінде болған зорлық-зомбылық оқиғасы осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын болған.

Медресе
Медресе ZTB. ЖИ иллюстрация

Алайда бұл жағдай жақында ғана көпшілікке белгілі болды. Жалпы медреселерді кім тексереді, қай мемлекеттік мекеме бұған жауапты?

Журналистер Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовадан ведомство діни медреселердің қызметін бақылауға алу жоспары туралы сұрады.

"Бұл мәселе ведомствоаралық бақылауды күшейтуді талап етеді. Өздеріңіз түсінгендей, ол бірнеше мемлекеттік органның құзыретіне қатысты. Сондықтан біз бұл мәселені қосымша қарастырып, сіздерге жеке жауап беруге дайынбыз, — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сөйтіп министр тақырыпқа қатысты толығырақ түсініктеме беруден бас тартты.

Сонымен қатар министр қоғам мен тергеу органдарына белгілі болған оқиғалар осыдан 10–15 жыл бұрын болғанын еке салды. Алайда Бала құқығын қорғау комитеті зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын.

"Өздеріңіз білетіндей, 2026 жылдың басынан бастап еліміздің әр өңірінде балалар құқықтарын қорғау басқармалары жұмыс істейді. Қандай да бір көмек қажет болған жағдайда балалар осы басқармаларға жүгіне алады. Мұны ерекше атап өткім келеді. Әңгіме осыдан 10–15 жыл бұрын болған оқиға туралы болып отыр. Егер балаларға психологиялық көмек қажет болса, біз Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, оны көрсетуге дайынбыз", — деп сендірді Сүлейменова.

Брифингке қатысқан ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювеналды полиция басқармасының бастығы Асхат Дүйсембеков іс бойынша тергеу барысына қатысты пікір білдірмеді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жабық медреселерде жасөспірімдерге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасалғаны туралы ақпарат көп тараған болатын.

Бұрынғы ізбасарлары бұл қылмыстарға діни қайраткер Исматулла Мақсұмды айыптап отыр. Ішкі істер министрлігі аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатқанын растады.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.