KZ
RU KZ

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізеді: СҚ мен ҚТЖ-дағы жемқорлық сөз болады

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуынан кейін Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді.

Жакупов и Отыншиев вместе с пачками денег у ЖК
Жақыпов пен Отыншиев ZTB. ЖИ иллюстрация

13 қарашада  Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізеді. Бұл туралы президенттің  баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады.

Жиында Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа күдікті «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» компаниялары басшыларының ұсталуына қатысты мемлекеттің ұстанымын жариялайды.

Айбек Смадиярдың айтуынша, Президент «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жауапкершілігі, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар қызметінің заңдылығы мен ашықтығы мәселелеріне де ерекше назар аударады.

Еске салсақ, 2026 жылы 12 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» АҚ басшысы Елжас Отыншиев сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды, олардың ұсталғанын ҚР ҰҚК ресми түрде растады, ал «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Қайрат Мақсұтов қызметінен босатылды.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.