KZ
RU KZ

Михаил Шайдоров бапкерін ауыстырды: Алексей Урмановпен келісімшарт бұзылды

Мырзабосыновтың айтуынша, Шайдоров жаңа олимпиадалық кезеңге қадам басып отыр

Михайл Шайдоров
Михайл Шайдоров Фото: Ашық дереккөзден

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың енді Алексей Урмановпен жұмыс істемейтінін растады.

«Алексей Урмановпен келісімшарт бұзылды. Біз өз тарапымыздан Алексей Урмановқа шын жүректен зор алғысымызды білдіргіміз келеді. Ол — өзі де Олимпиада алтынын жеңіп алған және Олимпиада чемпионын даярлауға көмектескен маман. Осы үш жыл ішінде ауқымды жұмыс атқарылды», — деді министр.

Енді ол бапкерлер құрамын өз бетінше таңдауға құқылы. Жыл басынан бері мәнерлеп сырғанаушы 13 оқу-жаттығу жиынына қатысып, төрт-бес жарыста өнер көрсеткен.

Министр Олимпиада чемпионы мәртебесімен жарыстарға қатысу психологиялық тұрғыдан оңай емес екенін мойындады. Дегенмен ол Шайдоровтың спорттық мансабындағы жаңа кезеңнің қиындықтарын еңсере алатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ Мырзабосынов Олимпиададан кейін федерация Алексей Урмановқа Алматы қаласынан пәтер сыйлағанын хабарлады. Ал Михаил Шайдоровтың жаңа бапкері кім болатынын министр нақтылаған жоқ.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.