KZ
RU KZ

Қазақстанда 52 мыңнан астам адам баспана кезегінен шығарылды

«Отбасы банк» баспана кезегінде тұрған азаматтардың тізіміне ауқымды тексеру жүргізді.

Баспана кезегі
Баспана кезегі ЖИ көмегімен жасалған

Банк өкілдері кімдердің мемлекеттік қолдау алу құқығынан айырылғанын және келесі кезекте кімдер тексерілетінін түсіндірді

2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап Қазақстанда «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген түзетулер күшіне енді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, азаматтарды тұрғын үй кезегіне қою және кезекте тұрғандар тізімін тексеру үшін олардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге бөлек келісім алу талап етілмейді. 

Жаңа өкілеттіктерді пайдалана отырып, «Отбасы банк» мамандары деректер базасына кешенді түгендеу жүргізді. Тексеру нәтижесінде мыңдаған азаматтың баспанасы бола тұра, тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде тұрғаны анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша жеке меншік құқығында тұрғын үйі бар 52 535 адам баспана кезегінен шығарылды

Банк өкілдері тізімді тексеру мұнымен аяқталмайтынын ескертті. Келесі кезеңде ортақ бірлескен меншікте жылжымайтын мүлкі бар азаматтар тексеріледі. Заңды негіздер анықталған жағдайда олар да тұрғын үй кезегінен шығарылады.

Қаржы институтының мәліметінше, мұндай түгендеу деректер базасын жаңарту және мемлекеттік тұрғын үй қолдауының шынымен баспанаға мұқтаж азаматтарға берілуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатыр.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.