KZ
RU KZ

Павлодар облысында «Қазавиаорман» тікұшағына оқ тиген

«Қазавиаорманқорғау» мекемесі Баянауыл ауданындағы ормандарды қорғау үшін пайдаланылған тікұшақтың зақымданғанын растады.

Тікұшақ
Тікұшақ Фото: ТЖМ

31 қазанда атыс кезінде оқ тікұшақтың артқы бөлігіне тиіп,  тұрақтандырғышты тесіп өткен.

Ведомствоның нақтылауынша, зақым 1 қарашада анықталған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылған.

Әзірге тікұшақты кім және не себепті атқаны белгісіз.

 

 

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.