KZ
RU KZ

Қай өңірлерде көктайғақ болады? 6 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Жұма, 6 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Көктайғақ
Көктайғақ Фото: Pexels

«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.

Қазақстанның солтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін. Осыған байланысты жолдарда қозғалыс қиындайді, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің сақ болған жөн.

Жетісу облысында үсік жүреді деп күтілсе, Маңғыстау облысында желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі ықтимал.

Қалалар бойынша ауа райы болжамы:

Астанада күндіз ауа температурасы +10…+12 градус, түнде +1…+3 градус болады. Кешке қарай аздаған жаңбыр жауады.

Алматыда күндіз +15…+17 градус, түнде +1…+3 градус жылы болады. Жауын-шашын болмайды.

Шымкентте күндіз ауа температурасы +21…+23 градусқа дейін көтеріліп, түнде +8…+10 градус болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.