KZ
RU KZ

Қостанайда зейнеткерді өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Қостанайда 86 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды.

Ұсталды
Ұсталды Фото: Наша газета

Бұл туралы «Наша Газета» басылымы хабарлады.


«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Күдікті кеше, 4 қарашада ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр» деп жазылған полиция хабарламасында.

Басылым мәліметінше, қылмыс 30 қазанда Көбеев көшесінде болған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, қарт адамның мәйіті тұрғын үй ауласындағы орындықта табылған.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.