KZ
RU KZ

Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды: бес ұрлық анықталды

Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер бірнеше ай бойы аудан тұрғындарының малын ұрлап келген.

Жылқы
Жылқы Фото: Pexels

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында мал ұрлығының бірнеше дерегіне қатысы бар деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың бес мал ұрлығына қатысы бары анықталған. Ұрланған малдың арасында жылқы мен ірі қара бар.

 

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде барлық күдіктінің жеке басы анықталды. Олардың барлығы облыс тұрғындары болып шықты. Мал сатып алушылардың бірінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту кезінде ұрланған екі жылқы, бес бас ірі қара және көлік құралдары табылып, тәркіленді", — деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Таңжанов.

 

Төрт күдікті қамауға алынды. Тағы бір күдіктіге елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Полиция өкілдерінің айтуынша, ауыл тұрғындары үшін мал — негізгі табыс көздерінің бірі әрі бірнеше айлық еңбектің нәтижесі. Сондықтан әрбір дерек бойынша күдіктілерді анықтап, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту және ұрланған мүлікті иелеріне қайтару шаралары жүргізіледі.

Сонымен қатар жедел уәкілдер ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.