KZ
RU KZ

Алматы метросында бомба барын хабарлаған әйел ұсталды

Алматыда «Райымбек» метро станциясында жарылғыш зат бар екенін хабарлаған әйел ұсталды.

Алматы метросы
Алматы метросы Фото: metroalmaty.kz

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полицияның хабарлауынша, әйел «Райымбек» станциясындағы метро қызметкерлеріне келіп, станцияда жарылғыш құрылғы бар екенін айтқан. Ол бірден ұсталды.

Оқиға орнында тиісті мамандардың қатысуымен тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде жарылғыш құрылғылар мен күдік тудыратын заттар табылған жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оның әрекетіне құқықтық баға беру үшін тексеру жүргізіп жатыр.

Полицияның мәліметінше, метро қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.