KZ
RU KZ

Қазақстанда Еңбек министрлігіне қарасты сайттар уақытша жұмыс істемейді

Enbek экожүйесіне кіретін интернет-ресурстар төрт күн бойы қолжетімсіз болады.

Сайт жұмысы
Сайт жұмысы Фото: Ашық дереккөзден

Сайттардың қызметі техникалық жұмыстарға байланысты уақытша тоқтатылады.

Салалық министрліктің хабарлауынша, ақпараттық ресурстарға қол жеткізу 19 қараша күні сағат 22:00–ден 23 қараша күні таңғы сағат 08:00–ге дейін шектеледі.

Уақытша жұмыс істемейтін сайттар тізімі:

🟣 enbek.kz
🟣 migration.enbek.kz
🟣 career.enbek.kz
🟣 hr.enbek.kz
🟣 passport.enbek.kz
🟣 skills.enbek.kz
🟣 competence.enbek.kz
🟣 aleumet.egov.kz

Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін сайттардың жұмысы қайта қалпына келтіріледі.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.