Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі көтерілді: Жаңа талап қандай?
Қазақстанда азаматтардың жеке шоттарына түсетін мобильді аударымдар арқылы кәсіпкерлік табысты анықтау талаптары өзгерді, деп хабарлайды ZTB.
Енді салық органдары азаматтың аударымдарын тексеруге алуы үшін екі шарт қатар болуы керек.
Қаржы министрлігінің тиісті бұйрығына сәйкес, бұрын кәсіпкерлік табысты анықтауға негіз болатын шек айына 12 ең төменгі жалақы, яғни 1 миллион 20 мың теңге болған. Енді үш айдағы аударымдардың жалпы қаржысы 360 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асуы керек. 2026 жылы бұл 1 миллион 557 мың теңгеге тең.
Сонымен мына екі шарт қатар орындалса:
-
үш ай қатарынан әр айда 100 немесе одан да көп түрлі адамнан ақша түссе;
-
осы үш айдағы аударымдардың жалпы сомасы 360 АЕК-тен асса салық органдары азаматқа мобильді аударымдарға қатысты хабарлама жіберуі мүмкін.
Яғни аударымдардың жалпы сомасы белгіленген шектен асқаны үшін ғана азамат автоматты түрде тексеруге алынбайды. Ол үшін екі талап та бір мезгілде орындалуы керек.
Жаңа ереже 11 қарашадан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, туыстардың бір-біріне ақша жіберуі кәсіпкерлік табыс ретінде есептелмейді. Сондықтан салық органдары тексеру кезінде мұндай ақша аударымдарын ескермейді.