KZ
RU KZ

Шекеев ҚазҰУ-дағы ақша бопсалау фактілерін түбегейлі тексеруді ұсынды

Адвокат Мейірман Шекеев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болуы мүмкін заңбұзушылықтар туралы мәлімдеді.

ҚазҰУ
ҚазҰУ Фото: ҚазҰУ

Оның айтуынша, оқу орнында деканаттармен және университет басшылығымен байланысы болуы ықтимал бірнеше ұйым жұмыс істеген. Оған түрлі студенттік бірлестіктерден қысым көрсету және ақша жинау фактілері туралы шағым түсіп жатыр екен.

Адвокат алаяқтық белгілері де  бар екеніне сенімді.

Шекеевтің сөзінше, оған аталған ұйым туралы ақпарат түскен. Ол бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабында көзделген  алаяқтық белгілері болуы мүмкін деп есептейді.

«Егер бұл расталса, біз осы бап аясында әрекет етеміз», — деді адвокат.

Адвокат студенттер мен олардың ата-аналарына үндеу жасап, ықтимал заңбұзушылықтар туралы ашық айтып,  қорықпауға шақырды.

«Біз бұл жүйені бұзуымыз керек. Бұл тек Қазақ ұлттық университетіне ғана қатысты емес. Білім беру жүйесіндегі осындай құбылыстарды тоқтатпайынша, ештеңе өзгермейді», — деді Шекеев.

Сонымен қатар ол жағдайды объективті әрі бейтарап тексеру үшін университетке Ғылым және жоғары білім министрлігінен арнайы комиссия жіберуді сұрады. Оның құрамына беделді тәуелсіз журналистерді, қоғам өкілдері мен депутаттарды кіргізу қажет екенін айтты.

Еске салайық, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде соңғы бір аптада екі студент қаза тапты. Екі істің де тергеліп жатқандығы айтылды.

ҚазҰУ басшылығы әрбір даулы жағдайға қатысты қысқа мәлімдеме жасаумен шектеліп келеді. Баспасөз мәслихаты өткізілмеді, ректор да, проректорлар мен декандар да сұхбат бермейді.

Осыған орай қоғамда университеттегі қауіпсіздік мәселесіне және болып жатқан оқиғаларға кім жауапты екеніне қатысты сауал көбейген.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.