ҚазҰУ-дың бірінші курс студентін өлтірді деген күдікті ұсталды
Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті басшылығы география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студентінің қайтыс болғанын растаған болатын.
Бұған дейін түнгі уақытта студенттердің қатысуымен оқыс оқиға болғаны туралы ақпарат тараған еді. Хабарламаларда студенттер арасында төбелес болуы мүмкін екені айтылып, өз-өзіне қол жұмсау нұсқасы да қарастырылған.
Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталған.
«Тергеудің толық, жан-жақты әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар тергеу әрекеттері қолға алынды» деп хабарлады полиция.
Аталған факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта істі толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Университет өкілдері оқиғаны жан-жақты әрі объективті қарастыру үшін құқық қорғау органдарына қажетті көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ марқұмның отбасына материалдық және моральдық қолдау көрсетілетіні айтылды.

