KZ
RU KZ

Қылмыс туралы хабарламағаны үшін сотталды

Рудный қаласында кісі өлтіру қылмысын полицияға хабарламағаны үшін жасөспірім бас бостандығынан айырылды.

Сот
Сот Фото: Pixabay

Қостанай облысында алқабилердің қатысуымен өткен сот отырысында Рудный қаласының екі тұрғынына қатысты үкім шықты.

Олардың бірі кісі өлтіргені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылса, екінші кәмелетке толмаған жасөспірім аса ауыр қылмыс туралы құқық қорғау органдарына хабарламағаны үшін 2 жыл 8 айға сотталды.

Тергеу мәліметінше, кісі өлтіру оқиғасы 23 қаңтарға қараған түні Корчакин көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінде болған. Ер адам 200 мың теңгеге байланысты жанжал кезінде жәбірленушіге бірнеше рет пышақ сұққан.

Оқиға кезінде жасөспірім төменгі қабатта болған. Алайда ол болған қылмыс туралы полицияға хабарламаған.

Осы оқиғадан кейін екеуі де Көкшетау қаласына қашып кеткен. Сонымен қатар кісі өлтіргені үшін сотталған азамат жәбірленуші тарапқа моральдық зиян өтемақысын төлеуге міндеттелді.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.