KZ
RU KZ

Тоқаев ҰҚШҰ елдерін терроризм және есірткі саудасымен күресуге шақырды

Қазақстан презиженті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) саммитінде сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Фото: Ақорда

Ол халықаралық терроризмге, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте күш біріктіруді, сондай-ақ жасанды интеллекттің ықпалы артып келе жатқанын ескере отырып, ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуды ұсынды.

Жиынға Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері де қатысты. Мемлекет басшылары ҰҚШҰ-ның 2026 жылғы қызметі қорытындыларын, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Тоқаев Владимир Путинге қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, Ресейдің ұйымға төрағалық ету барысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Саммит қорытындысы бойынша мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдап, ұжымдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстанның ҰҚШҰ-ға алдағы төрағалығымен құттықтады.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.