KZ
RU KZ

Microsoft жүйесіндегі ақау: әлемнің түкпір-түкпірінен шағым түсті

Microsoft жүйесінде ірі ақау: әлем бойынша пайдаланушылар Outlook пен Teams қызметтеріне қол жеткізе алмай қалды.

Microsoft
Microsoft Фото: Шетелдік БАҚ-тардан

Жүйедегі ақау шарықтау шегіне жеткен кезде Downdetector және Detector404 (интернеттің орыстілді сегменті) сервистері Outlook пен Microsoft 365 пакетінің жұмыс істемей тұрғанына қатысты 138 мыңнан астам шағым тіркеді.

Корпорация өкілдерінің мәлімдеуінше, ақауға DDoS-шабуылы емес, серверлердің үлкен тобының кенеттен істен шығуы себеп болған. Соның салдарынан қалған серверлік желіге шамадан тыс жүктеме түскен.

Ақау OpenAI және Anthropic нейрожелілерімен біріктірілген қызметтердің жұмысына да әсер етті. Атап айтқанда, электрондық пошта мен күнтізбелер бойынша іздеу мүмкіндігі істен шықты.

Мамандар серверлерді кезең-кезеңімен қайта іске қосуды бастады. Компания өкілдері клиенттік қосымшалар серверлерге қайта қосылған сайын қызметтерге қолжетімділік біртіндеп қалпына келетінін ескертті.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.