KZ
RU KZ

DEMOSCOPE сауалнамасы: халықтың жартысы билік шешіміне ықпал ете алатынына сенбейді

2026 жылғы 5–27 қазан аралығында қоғамдық пікірді бақылау бюросы DEMOSCOPE «Қазақстан азаматтарының саяси өмірге қатысуын бағалау» тақырыбында сауалнама жүргізді.

Сауалнама
Сауалнама Фото: freepiк

DEMOSCOPE сауалнамасының нәтижесі қазақстандықтардың 52,4 пайызы қоғамдық-саяси оқиғаларға қызығушылық танытатынын, алайда респонденттердің жартысына жуығы (48,7 пайызы) соңғы бір жылда қоғамдық өмірге мүлде араласпағанын көрсетті.

Сауалнама нәтижесі бойынша:

  • Қазақстандықтардың 44,7 пайызы елдегі саяси шешімдерге нақты ықпал ете алатынына сенбейді;

  • 48,2 пайызы мұндай мүмкіндік бар деп есептейді;

  • 44,7 пайызы сайлауға немесе референдумдарға қатысқан;

  • 54,5 пайызы мемлекеттік шешімдер олардың өміріне кері әсер етсе де, оған қарсы әрекет жасауға дайын емес;

  • 31 пайызы мұндай әрекеттерді пайдасыз деп санайтынын айтқан.

Саяси белсенділіктің төмен болуына әсер ететін негізгі себептердің қатарында бір нәрсені өзгертуге болатынына сенімсіздік (32,8 пайыз), уақыт жетіспейтіні (22,3 пайыз) және саясатқа қызығушылықтың болмауы (25,8 пайыз) аталған.

Сауалнама жастардың аға буын өкілдеріне қарағанда саяси өмірге белсендірек араласатынын да көрсетті. Атап айтқанда, 18–29 жас аралығындағы қазақстандықтардың 54,2 пайызы мемлекеттік шешімдер өз мүдделеріне әсер еткен жағдайда азаматтық әрекеттерге баруға дайын екенін мәлімдеген.

Ал 60 жастан асқан азаматтар арасында мұндай көзқарасты ұстанатындар небәрі 21,5 пайыз болған.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.