Ұлттық Банк 2027 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша кестені бекітті
Келесі жылы реттеуші бұл мәселе бойынша сегіз рет шешім жариялауды жоспарлап отыр.
Қазақстан Ұлттық Банкі 2027 жылы базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдау кестесін бекітті. Оның төртеуі болжамдық раунд қорытындысы негізінде қабылданады.
Бекітілген кестеге сәйкес, базалық мөлшерлеме бойынша шешім Астана уақытымен аптаның соңғы жұмыс күні сағат 12:00–де жарияланады. Олар келесі аптаның алғашқы жұмыс күнінен бастап күшіне енеді.
2027 жылы базалық мөлшерлемеге қатысты шешім 22 қаңтарда, 12 наурызда, 23 сәуірде, 11 маусымда, 23 шілдеде, 10 қыркүйекте, 22 қазанда, 10 желтоқсанда жарияланады.
Осылай Ұлттық Банк жылына сегіз рет базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдайды. Оның жартысы болжамдық раунд нәтижесіне сүйенеді. Бұл кезеңде реттеуші макроэкономикалық көрсеткіштерді, инфляция деңгейін және оның алдағы өзгеру мүмкіндігін талдайды.
Еске салайық, 2026 жылғы 23 қазанда Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені жылдық 16,25 пайыздан 15,75 пайызға дейін төмендеткен болатын. Мұндай шешім жылдық инфляцияның баяулауымен және инфляциялық күтудің төмендеуімен түсіндірілді.
Ал 2026 жылы базалық мөлшерлемеге қатысты келесі жоспарлы шешім 4 желтоқсанда жарияланады.

