Жамбыл облысында үш жасөспірімнің өліміне қатысты жеті оқушы сот алдында жауап береді
Жамбыл облысындағы бір ауылдың мектеп оқушылары арасында «Жүйе» деп аталатын бейресми топ болған.
Оның өз иерархиясы, бағыну тәртібі мен жазалау ережелері қалыптасқан. Бұл туралы прокуратура хабарлады.
Тергеу осы топтағы бопсалау әрекеттерін үш жасөспірімнің өлімімен байланыстырған.
Жеті оқушыға бопсалау дерегі бойынша айып тағылды. Олардың екеуі өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабымен де айыпталып отыр.
Қазір күдіктілердің екеуі қамауда. Қылмыстық іс кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотқа жолданды.

