Салмағы 57 келі жасөспірім 180 келі болатын сумошыны алаңнан ысырып тастады
Жапонияның Фукуока қаласында өткен Kyushu Basho турнирінде ерекше жекпе-жек болды.
Алаңға салмағы небәрі 57 келі болатын 15 жастағы Тэйкэн Синмити мен салмағы шамамен 180 келі, жасы 48-дегі Тэруносато шықты.
Салмақ пен бой айырмашылығына қарамастан, жасөспірім қарсыласының шабуылына төтеп беріп, оны күрес алаңы сызығынан шығарып жіберді.
Жекпе-жек барысында жас сумошы Тэйкэн Синмити ерекше ептілік көрсетті. Спортшы өзінен бірнеше есе ірі қарсыласының уысынан сытылып шығып, ардагердің арқасынан найзағайша секіріп, оны шеңбер шегінен шығарып жіберді.
Алып қарсыласын жеңу жас атлет үшін алғашқы сәті келе салған оқиға емес. Бұл жас спортшының турнирдегі екінші жеңісі. Бір күн бұрын Тэйкэн Синмити осындай тәсілмен 140 келі салмақтағы қарсыласын жеңген еді.
Қазіргі жетістіктен бөлек жас балуанның болашаққа деген жоспары көп. Ол сумо спортымен енді ғана айналыса бастағанда оның салмағы 48 келі болса, қазір ол 100 келі салмаққа жетуге ұмтылып жүр.
Kyushu Basho турнирі Жапонияның Фукуока қаласында өтір жатыр. Синмитидің қарсыласы 48 жасар Тэруносато өзінің кәсіби мансабын жас балуан өмірге келмей тұрып бастаған.
Айта кетейік, Тэйкэн Синмити әлемдегі ең жеңіл кәсіби сумошы саналады. Сумо мектебіне қабылданған кезде ол бойы мен салмағына қойылатын қалыпты талаптарға сәйкес келмеген. Алайда физикалық мүмкіндіктеріне орай арнайы тексеруден сәтті өтіп, мектепке қабылданған.

