KZ
RU KZ

Алматы облысында иттерге арналған панажай иесін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Алматы облысында жануарларға арналған Dog House «Твардовский дом» панажайының иесі Владимир Тепляковты өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.

Владимир Тепляков
Владимир Тепляков Фото: Арсен Кабденов түсірген видеодан алынған кадр

Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.

Қазір тергеу барысында ұсталған адамның қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Облыстық полиция департаменті басшылығы тергеу барысын ерекше бақылауына алғаны айтылды.

Тепляковтың мәйіті 7 қазанда панажай аумағынан табылған. Сол күні ер адам әдеттегідей жануарларды тамақтандыруға кеткен, алайда үйіне оралмаған.

Ол он жылдан астам уақыт бойы панажайды күтіп ұстап, шамамен 90 итке қамқорлық жасаған.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.