KZ
RU KZ

Алматыда нөсер жаңбырдан метроға кіреберісті су басты: әкімдік жағдайға түсініктеме берді

Бүгін нөсер жаңбырдан кейін Алматыдағы «Алатау» метро станциясының кіреберісіне су жиналып, жаяу жүргіншілер өткелі уақытша қолжетімсіз болды.

Метроны су басты
Метроны су басты Фото: Бейнежазбадан кадр

Станция Абай даңғылының бойында, Жароков пен Гагарин көшелерінің арасында орналасқан.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қалалық су бұру жүйесінің шамадан тыс толып кетуіне байланысты станцияның солтүстік жаяу жүргіншілер өткелін су басқан.

"Метрополитен мамандары жиналған суды сорып, аумақты тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Су басу салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Жағдай тиісті қызметтің бақылауында. Бұл ретте „Алатау“ метро станциясы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жолаушыларға қызмет көрсетуде ешқандай шектеу жоқ" деп хабарлады Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.